UFC: Асу Алмабаевтың жекпе-жегі ресми жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

UFC қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (21-2) аустралиялық Стив Эрцегке (12-3) қарсы жекпе-жегінің уақытын жариялады.

UFC: Асу Алмабаевтың жекпе-жегі ресми жарияланды
meta-ratings.kz

Асу Алмабаев пен Стив Эрцег 1 наурыз күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде кездеседі.

“Наурыз айы керемет кешпен басталады”, – деп жазады UFC.

Алмабаев UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде сегізінші орында, ал Эрцег тоғызыншы орынға жайғасқан. Асу үшін бұл UFC-дегі бесінші кездесу болмақ (4 жеңіс, 0 жеңіліс), ал оның қарсыласы үшін алтыншы жекпе-жек (3 жеңіс, 2 жеңіліс).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір