Өрт салдарынан UFC 311 турнирі басқа жерде өтуі мүмкін
UFC президенті Дана Уайт Лос-Анджелестегі өрт салдарынан UFC 311 турнирдің өтетін орны өзгеруі мүмкін екенін айтты.
sportmk.ru
Дана Уайт Эдин Росс жүргізетін Kick платформасындағы стримде қазіргі таңда UFC 311 турнирін Лос-Анджелестен басқа қалаға ауыстыру туралы нақты шешім жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, қалада NBA матчтары да белгіленген уақытта өтіп жүр. Бірақ егер өрттің аумағы күшейетін болса, турнир Лас-Вегасқа өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Еске сала кетсек,UFC 311 турнирі аталмыш промоушеннің 2025 жылғы шымылдығын түреді. Кештің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев пен Арман Царукян кездесіп, чемпиондық титулы сарапқа салады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet