Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) жекпе-жегі белгіленді.
bassport.kz
Brunch Boxing мәліметінше, Жәнібек ESPN арнасындағы Top Rank өткізетін бокс кешінің хедлайнері болу үшін келесі жекпе-жегін наурыз айында өткізеді. Бұл айқас туралы толық ақпарат кейін белгілі болады.
WBO бекіткен міндетті қарсылас британиялық Хамза Шираз (21-0, 17 KO) жекпе-жектен бас тартқаннан кейін Әлімханұлы өзіне жаңа қарсылас іздеуге мәжбүр.
Наурыздағы кездесуден кейін қазақстандық боксшы орта дивизионда WBA титулы үшін кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) немесе 22 ақпанда өзара айқас өткізетін WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1, 18 КО) пен Хамза Шираз жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet