ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

23 боксшыны жеңген америкалық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шықпақ

Америкалық боксшы Чордейл Букер (23-1, 11 КО) кәсіпқой рингте WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) мәлімдемесіне жауап берді. 

23 боксшыны жеңген америкалық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шықпақ
runasport.com

Жәнібек бұған дейін дивизионда ешкім онымен жұдырықтасқысы келмейтінін жазған еді. 

"Мен бармын. Егер біреудің орын ауыстыруға қарсылас қажет болып жатса, маған айтарсың", - деп жазыпты ол Жәнібектің жариялымына жауап ретінде.

Айта кетейік, Әлімханұлының салмағында WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада (31-3-3, 19 КО), ал WBC доминиканалық Карлос Адаместің (24-1, 18 КО) еншісінде. 

Жәнібек кейінгі рет 2024 жылы 4 қазанда Сиднейде жұдырықтасып, жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсірген еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.