Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Жанкүйерлер алты жыл күткен жекпе-жек жаңа жылдың басты оқиғаларының бірі саналады.
Санаулы күндерден кейін АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жанкүйерлер асыға күткен кезекті жекпе-жек кеші шымылдығын түреді. Бұл Ultimate Fighting Championship (UFC) промоушенінің ағымдағы жылдағы алғашқы турнирі. Кештің басты айқасы - ресейлік Ислам Махачев пен армениялық Арман Царукян арасында өтеді. Бұдан бөлек, Мераб Двалишвили Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасып, чемпиондық титулын қорғайды.
Айта кетейік, Ислам Махачев (Дағыстан, Ресей) – Арман Царукян (Армения) жекпе-жегі 18-ші қаңтары күні Астана уақытымен сағат 10:30-да басталады.
Ислам Махачев Арман Царукян үшін ерекше қарсылас. Армениялық аралас жекпе-жек шеберінің UFC-дегі дебюті 2019 жылдың сәуірінде болған еді. Сол кезде дағыстандық файтермен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Араға 6 жыл салып, екі файтер қайтадан бір-бірімен кездескелі тұр. Царукян бұл жолы жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық титул үшін айқасады.
Алдағы айқасқа қатысты қазір пікір көп. Десе де, Olimpbet сарапшылары аталған жекпе-жекте Махачев өз титулын сақтап қалады деп есептейді.
Ислам чемпиондық атағын осымен төртінші рет қорғағалы тұр. Қарсыласының бабында екені туралы пікірлер көп болғанымен, көбі дағыстандық жауынгердің да кейінгі жылдары құр қол қусырып отырмағанын ұмытса керек. Ол өзінің досы әрі бапкері Хабиб Нурмагомедовқа тиесілі болған белбеуді жеңіп, чемпион болды.
Қазір Махачев Царкуянға қарағанда психологиялық басымдыққа ие. Бұған қоса, 33 жастағы жауынгер нағыз бабында. Қарсыласынан ірі және күш-қуаты да жойқынырақ. Ислам мықты грэпплер. Тік тұрып төбелесуде де осал емес.
Ал Цакурян Махачевтен 5 жас кіші. Алғашқы жекпе-жекте тәжірибесі аз болды. Бірақ содан бері үнемі есе қайтаруды көздеп келді. Алайда армениялық файтердің жекпе-жекке шығу ұсынысына Ислам жай ғана күліп, көбірек жаттығуға кеңес беріп келді.
"Мен оны жеңіп, чемпион атанамын. UFC-де бір рет қана жеңіліске ұшырадым. Ол да Исламнан болды. Енді кек қайтарар уақыт келді", - деген еді Царукян реваншқа қол жеткізген кезде. Жалпы, соңғы жылдары Арманда файтер ретінде ілгерілеу бар. Тіпті төбелесу стилі Махачевке ұқсайды.
Дей тұрғанмен, бұл кездесуден апсетті күтудің қажеті жоқ. Царукянда даму қаншалықты байқалғанымен, оны екінші жеңілістен тек лаки-панч қана құтқарып қала алады.
Файтерлерді техникалық тұрғыдан салыстырар болсақ, екеуінің арасы жер мен көктей.
Алдағы айқасқа қатысты болжамын жуырда UFC-дің бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейра да жасады. Оның аталған файтерлерге қатысты айтары бар, әрине. Себебі екеуінен де жеңіліп қалған болатын. Бразилиялық жауынгердің сөзінше, Ислам басымдыққа ие, өйткені соққы жасау техникасын айтарлықтай жетілдіріп алған.
Olimpbet сарапшыларының болжамы да осыған саяды. Олардың айтуынша, Махачев 1-2 раундта жеңіске жетуі әбден мүмкін.
Тағы бір айта кетерлігі, UFC 311 турнирінде көпшілік тағы бір тартысты кездесудің куәсі болады. Аса жеңіл салмақтағы чемпион Мераб Двалишвили (18-4) алғаш рет Умар Нурмагомедовқа (18-0) қарсы титулын қорғайды.
Гүржі жауынгері белбеуді былтыр қыркүйекте ғана иеленген болатын. Сондықтан чемпиондық титулды қорғап үшін өзіне ыңғайлырақ қарсылас таңдау керек еді. Olimpbet сарапшыларының пікірі бойынша Хабибтің бауыры бұл жекпе-жекте фаворит екені сөзсіз. Және ол жеңіске жетіп, UFC-дің жаңа чемпионы атанады.
Дереккөз: Olimpbet Arena