Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Спорт Шредингера телеграм-арнасы Өзбекстан боксшыларының 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңістері туралы пікір білдірді.
Өзбекстан ерлер құрамасы жеті салмақтың бесеуінде алтын медаль еншілеген. Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57 кг), Асадхуджа Муйидинхуджаев (71 кг), Лязизбек Муллажонов (92 кг) және Баходир Джалолов (92 кг жоғары) олимпиада чемпионы атанды.
“Менің ойымша, Өзбекстанның Муйдинхуджаев пен Муллажонов жеңіп алған алтын медальдары сатып алынған. Бұл екі кездесу де алдын ала жоспарланған. Финалға оларды жеткізіп, жеңісті сыйлады”, — деп санайды арна авторы.
Осылайша Өзбекстан құрамасы командалық бірінші орынға ие болды. Екінші сатыға бір “алтын” мен бір “қола” алған Куба тұрақтаса, Украина жалғыз алтын медальмен үштікті қорытындылады. Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына күміс медаль салып, ұлттық құрама жалпы командалық есепте алтынша орынға тұрақтады.