Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Жаңадан құрылған World Boxing ұйымы 2025 жылдың жарыстар күнтізбесін жариялады.
Қазақстан 30 маусым және 7 шілде аралығында әлем кубогының кезеңін қабылдайды. Бұндай бәсеке алғаш енгізіліп тұр. Яғни ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылардың басын қосып, бірнеше рет өзара мықтыны анықтайды.
Қазақстаннан бөлек, Бразилия мен Үндістанда да осындай жарыстар өтеді. Қараша айында қорытынды жарыс, яғни финалдық турнир ұйымдастырылады. Сол жерде бас жүлде сарапқа салынады.
Бұған қоса, әлем чемпионаты өтетін мемлекет пен мерзім ресми жарияланды. Жылдың басты бәсекесін Ливерпуль қабылдайды. Ол 4-14 қыркүйек аралығанда өтеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Қазақстан World Boxing ұйымына былтыр қараша айында қосылды. Ал қазақстандық кәсіпқой боксшы әрі Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин World Boxing ұйымы арнайы комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.