Қазақстандық балуан Ресейдегі ірі турнирде айқын басымдықпен жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі

Красноярскте күрестен "Иван Ярыгин кубогы-2025" халықаралық турнирі басталды.

Қазақстандық балуан Ресейдегі ірі турнирде айқын басымдықпен жеңіске жетті
sportarena.kz

Байрақты бәсекеге әлемнің 18 елі қатысып жатыр. 

Қазақстан атынан алғашқы болып боз кілемге еркін күрес балуаны Қайрат Әміртаев шықты. Ол 61 келіге дейін салмақ дәрежесінде бірқатар халықаралық турнирдің жеңімпазы ресейлік Ачити Ондармен белдесті. 

Әміртаев әдіс жасау арқылы 5:0 есебімен мерзімнен бұрын жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 8
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір