
Кәсіпқой күрес лигасы (PWL 8) турнирі 25 ақпанда Алматыдағы Балуан Шолақ аренасында өтеді.
Бұл турнирге АҚШ балуандары да қатысады. Олар PWL турнирінде алғаш рет өнер көрсетеді. Америкалық делегация қатарында еркін күрестен Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Кайл Снайдер де бар. Ол еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанмен күресетіні белгілі болды.
Қазақ балуаны бұған дейін Снайдермен күресуге дайын екенін жеткізген.
Кайл Снайдер Алматыдағы турнирде Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері ресейлік Алихан Жабрайловпен де белдеседі.
PWL 8 турниріне басқа кімдер қатысатыны әзірге белгісіз. Алдағы уақытта кеңейетілген тізім жарияланады.
Алматыда өтетін PWL 8 турнирінің жүлде қоры 200 мың доллар болады. Ресейліктер ұйымдастыратын турнирдің 4-кезеңі 2023 жылы Алматыда өткен.