ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Канело бокстан нақты қашан кететінін айтты

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын мәлімдеді.

Канело бокстан нақты қашан кететінін айтты
sportbox.ru

Сауль әлі де бокстан ләззат алатынын айтады.

"Зейнетке қашан дейсің бе? Білмеймін... Бірақ ол күн жақын қалғаны анық. Өзімді тамаша сезініп жүрмін. Мүмкін 38 жасымда боксты қоятын шығармын. Иә, 38 жас - ең тамаша уақыт сияқты, шынымен ойланатын уақыт. Ауыр айқастарым аз болған жоқ. Ондай қауіпті айқастарға шықпаса да болатын еді. Бірақ мен бүкіл карьерамда басымды қауіпке тігіп келемін", - деп береді мексикалықтың сөзін vRINGe.com.

Бұл туралы не ойлайсыз?