ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Джалолов өзін сан соқтырған боксшыны кәсіпқойда "жазаламақ"

Суперауыр салмақта Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болған өзбекстандық Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) британиялық Джо Джойспен (16-3, 15 KO) кәсіпқойда қарымта өткізу туралы сұраққа жауап берді. 

Джалолов өзін сан соқтырған боксшыны кәсіпқойда "жазаламақ"
golos-naroda.kz

Қарсыластар әуесқойда кездескен. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының 1/4 финалында Джойс Баходирді ұпай санымен жеңген. Енді Джалолов есесін кәсіпқойда қайтаруға ниетті. 

“Егер осындай жекпе-жекті ұйымдастырып берсе, мен қуанышты боламын", - дейді өзбекстандық боксшы Round Eight Boxing-қа берген сұхбатында. 

Сонымен бірге, Джалолов кәсіпқойда қашан жоғары деңгейге көтерілетінін айтты. 

"Мен үлкен жекпе-жектерге дайынмын. Бірақ алдымен бір-екі айқас өткізіп алу керек көбірек раунд жұмыс істеп. Мен әуесқойдан енді ғана кеттім. Алдымен бір-екі айқаста бой үйретсем, кейін кез келген қарсыласқа дайын боламын", - дейді ол. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.