Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әли Ахмедовтың WBC белбеуі үшін өтетін кезекті жекпе-жегі жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі
29.01.2025, 16:19

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) кезекті жекпе-жегін 28 ақпанда өткізеді.

Әли Ахмедовтың WBC белбеуі үшін өтетін кезекті жекпе-жегі жарияланды
vesti.kz

Ол Астанадағы бокс кешіне қатысады. All Stars Boxing промоутерлік компанияның мәлімдеуінше, Ахмедоваке польшалық боксшы Мацей Сулецки (32-3, 12 КО) қарсылас атанады. Олар екінші орта алмақтағы WBC Silver титулын сарапқа салады. 

Алматы тумасы Әли Ахмедов соңғы рет шаршы алаңға 18 қаңтарда Коммерсте (Калифорния штаты, АҚШ) шығып, екінші раундта америкалық Малкольм Джонсты (17-5-1, 10 КО) нокаутқа түсірген. 

Ал Мацея Сулецки болса 31 тамызда Карсонда (Калифорния штаты, АҚШ) өткен жекпе-жектің алтыншы раундында америкалық Диего Пачекоға (23-0, 18 КО) нокаутпен жеңілді. 

Айта кету керек, Мацей Сулецки кезінде Деметриус Андраде, Габриэль Росадо және Дэниэл Джейкобс сияқты боксшылармен жұдырықтасқан. 2019 жылы WBO титутылының әлем чемпионы үшін Андрадеге қарсылас атанып, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. 
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір