ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Бокстан Қазақстан құрамасы "кіші әлем чемпионатына" кілең мықтыларды апарады

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері үшін ақпан айы жарыстарға толы болады. 

Бокстан Қазақстан құрамасы "кіші әлем чемпионатына" кілең мықтыларды апарады
фото ашық дереккөздерден алынды

3 ақпанда Испанияның Ла-Нусия жерінде тарихи Boxam турнирі жалауын көтереді. Бұл World Boxing аясында ересектер арасындағы Қазақстанның қатысуымен алғашқы халықаралық жарыс болмақ. Дәл осы мерзімде Сербия астанасы – Белградта Belgrade Winner турниріндегі жекпе-жектер басталады.

Бірақ көптің асыға күтетіні Софияда 22 ақпанда бастау алатын "Страндж мемориалы" болады. Турнир әдеттегідей әлемдегі кіл мықтылардың басын қосады. Бір сөзбен айтқанда “кіші әлем чемпионаты” саналады. 

Қазақстан құрамасы Болгарияда ең үздік боксшыларды жарысқа қосады. Себебі біздің команда соңғы екі жыл бойы өзбек боксшыларына жеңіліп келеді. Сондықтан бас бапкер Қайрат Сәтжановтың алдында жігіттердің бағын сынау міндеті тұр.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.