ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Қазақстандық Азия чемпионы Хабибке қарсы жекпе-жегін жойқын нокаутпен аяқтады (ВИДЕО)

Қазақстандық Армат Арманұлы (1-1, 0 КО) Бангкогтағы бокс кешіне қатысты. 

Қазақстандық Азия чемпионы Хабибке қарсы жекпе-жегін жойқын нокаутпен аяқтады (ВИДЕО)
spornews.kz

Арманұлы пәкістандық Хабиб Ур Рехманға (6-1, 5 КО) қарсы тұрды. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелді. Ол екінші раундта қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласын нокаутқа жіберуімен аяқталды. 

Осылайша Армат Арманұлы кәсіпқой бокста екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Хабиб Ур Рехман мансабында екінші рет жеңілістің ащы дәмін татты. 21 жастағы Арманұлы кәсіпқой рингте 2024 жылдың маусым айынан бері өнер көрсетіп келеді. Екі жекпе-жегін де Қазақстанда өткізген.  

Бұл туралы не ойлайсыз?