Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әлем чемпионатының жүлдегері болған отандасымыз кәсіпқой боксқа ауысты

Сарапшы, спорт журналисі
03.02.2025, 16:57

Әлем және Азия чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы Милана Сафронова кәсіпқой рингке ауысатынын мәлімдеді.

time.kz
time.kz

Спортшы бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

"Мен әлемдік аренада өз Отанымның туын көтеруді арман етемін. Кәсіпқой рингте де туған елімді асқақтамын. Мақсатым — Қазақстаннан шыққан тұңғыш абсолютті әлем чемпионы болу. 

Менің алғашқы жаттығу лагерім үздік жаттықтырушылармен бірге Таиландта өтті. Қазір Мәскеуге өзімнің тұңғыш бапкерім, менің әуесқой бокста чемпион болуыма еңбек сіңірген Захар Семенович Рутенбергке оралдым. 

Ресми түрде кәсіпқойларға ауысамын. Жақын арада жекпе-жек мерзімін жариялаймын. Өзімнің мықты командаммен чемпион атанып, барлық титулдарды Отаныма әкелуге күш саламын. InshaAllah...", — деп жазды Сафронова.

Дәл қазір Сафронова үшін әуесқой бокстағы соңғы турнир желтоқсанда Таиландта болған Азия чемпионаты саналады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір