Қазақстандық боксшы Испаниядағы беделді турнирде қарсыласын нокдаунға жіберді
Жандос Қыдырәлиев халықаралық Boxam Elite-2025 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.
newtimes.kz
63,5 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Қыдырәлиев Олимпиада ойындарына қатысқан испаниялық Ойер Ибаррече Кондеге қарсылас болды. Төрешілер үш раундқа есептелген жекпе-жекте жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.
Айта кету керек, Жандос екінші раундта бірнеше жойқын соққы жасап испаниялықты нокдаунға жіберді.
Еске сала кетсек, Қазақстан Boxam Elite-2025 турниріне кеңейтілген құраммен келді. Ерлер командасында 25 боксшы болса, әйелдерден төрт өкіл ел намысын қорғайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet