Үндістан қазақ күресінен әлем чемпионатын қабылдайды

Сарапшы, спорт журналисі

Нью-Делиде 26-27 ақпанда қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. 

Үндістан қазақ күресінен әлем чемпионатын қабылдайды
prosport.kz

Дүниежүзінің 20-дан астам мемлекетінен 200-ге жуық балуан қатысатын әлем чемпионаты жақындап қалды. Жарыс екі күнге созылып, ерлер мен әйелдер 16 салмақ дәрежесінде сынға түседі.  

Қазақстандық спортшылар бұл додаға қызу дайындық жүргізуде. Ұлттық құрама мүшелері 14 ақпанда Алматыда жиналады. Құрама сапында ел намысын қорғайтын үздік балуандар бар. Олар:

  • Бекжан Төлепов
  • Жұмажан Қожамбеков
  • Ерсұлтан Мұзаппаров
  • Нұрдәулет Жарылғапов
  • Зарина Сарипова
  • Рауза Нұрмахамметова 
  • Роза Нысантайқызы.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір