Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип Betsson
Бонус 150 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы UFC шақыртуынан бас тартты

Редактор Penalty.kz
13.02.2025, 17:54

Джиу-джитсудан жаттықтырушы, аралас жекпе-жек сарапшысы Нұрсұлтан Орынбасаров келіншегі Сора Рахмонованың UFC-ден шақырту алғанын айтты. 

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы UFC шақыртуынан бас тартты
vesti.kz

Бұл туралы ол журналист Aqyrys Seitqazy-ның YouTube арнасында мәлімдеді.  

"Қыз баланың спортқа қатысуына қарсы емеспін. Өзім де бапкер ретінде қыз балаларды көп жаттықтырғанмын. Ал келіншегім Сараға қатысты айтар болсам, қазір біз отбасын құрдық. Әрі қарай мансабын жалғастыра ма, жоқ па, белгісіз. Екеуіміз үйленген соң, бір айдан кейін Сараға UFC-ден шақырту келді. Желтоқсан айында хабарласып, наурыз айында жекпе-жек өткізуді ұсынды. Бірақ біз одан бас тарттық. Сара қазақ қыздары арасынан шыққан үш дүркін әлем чемпионы. Өзін мойындатқан. Біраз досым UFC-ден шақырту келгесін, бір жекпе-жек болса да өткізгенімізді қалаған. Алайда елге қызық керек. Бір кездесуден соң қандай спортшы болса да чемпиондық белдік үшін күрескісі келеді. Біздің одан да маңызды жоспарымыз бар. Сара спорттық мансабында үлкен жетістікке жетті деп ойлаймын. Мансабын аяқтауға қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ. Бірақ аралас жекпе-жекке қатысты өз ойымызды білдірдік", - деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

Еске сала кетейік, Сора Рахмонова UFC-де сәтті өнер көрсетіп жүрген қазақ балуан Шавкат Рахмоновтың қарындасы. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір
Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 150 000₸ салым бонусы үшін қосылу