Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлемнің үздік бапкері келгеннен кейін қазақстандық таэквондошылар медаль жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
13.02.2025, 20:20

Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Turkish Open халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.

Әлемнің үздік бапкері келгеннен кейін қазақстандық таэквондошылар медаль жеңіп алды
sportbugin.kz

Абабакиров ширек финалда Париж Олимпиадасының жүлдегері, әзербайжандық Гашим Магомедовті жеңді. Бірақ жартылай финалда ресейлік Дмитрий Шишкоға есе жіберіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Осылайша қазақстандық спортшы екінші жыл қатарынан беделді турнирде медаль жеңіп алды. Былтыр Абабакиров финалға дейін жеткен. 

Сонымен қатар, 87 келі салмақ дәрежесінде тағы бір қазақстандық спортшы Нұрқанат Қожахмет те қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, жақында Қазақстан таэквондо құрамасының бас бапкері қызметіне Есбол Сұлтанов тағайындалған болатын. Сұлтанов 2024 жылы Дүниежүзілік таеквондо федерациясы (WT) тарапынан әлемнің үздік бапкері деп танылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір