Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Украиналық боксшы әлем чемпионы атағынан айырылды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
15.02.2025, 17:23

Америкалық боксшы Кишон Дэвис (13-0, 9 КО) WBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы жаңа әлем чемпионы атанды. Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде ол украиналық чемпион Денис Беринчикті (19-1, 9 КО) жеңді. 

sportnews.24tv.ua
sportnews.24tv.ua

12 раундқа есептелген жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Америкалық боксшы қарсыласын денесіне жасалған ауыр соққымен нокаутқа түсірді. Бұған дейін үшінші раундта да Беринчик дәл осындай соққыдан нокдаунға түскен еді. 

36 жастағы Беринчик бұл кездесуге дейін жеңілмей, алғаш рет чемпиондық титулын қорғауға шыққан. Ал 25 жастағы Дэвис кәсіпқой мансабындағы 13-ші жеңісіне қол жеткізіп, алғаш рет әлем чемпионы атағын иеленді.

Айта кетейік, 2012 жылы Беринчик Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 64 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған. Финалда ол кубалық Роньель Иглесиасқа жол берді. Ал Дэвис 2020 жылғы Токио Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болып, финалда кубалық Энди Крусқа есе жіберген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір