
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарыстарын өткізді.
Испания мен Сербияда өткен турнирге кімдер қатысты және нәтижелері қандай? Бұл сұраққа ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Olympic.kz сайтына жауап берді.
Жақында Софияда бірлескен оқу-жаттығу жиыны басталды. Ол 23 ақпанға дейін жалғасады. Таңертең әр елдің командасы жеке жаттығулар өткізсе, кешке бірлескен жаттығулар ұйымдастырылады.
Бұл жиынға Бразилия, Болгария, Ирландия және Италия боксшылары қатысып жатыр. Спортшылар тәжірибе алмасып, өзара шеберлігін шыңдауда. Бұл өте пайдалы тәжірибе, себебі жиында әлем чемпиондары, Олимпиада жүлдегерлері және Еуропа чемпиондары бар.
24 ақпанда "Странджа кубогы" басталады. Ол "кіші" әлем чемпионаты ретінде танымал. Бұл турнирге біз құраманың бірінші және екінші нөмірлерін, Азия чемпиондарын және соңғы республикалық жарыстардың жеңімпаздарын әкелеміз. Әр боксшыдан жүлде күтеміз. Жігіттер физикалық және техникалық жағынан мықты, дайындық деңгейі жоғары.
Маңызды бастамадан кейін Ресейде бірлескен оқу-жаттығу жиындары жоспарланған. Оған Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан және Беларусьтің жетекші боксшылары қатысады. Сонымен қатар, құрамамыз Бразилияда өтетін Әлем кубогына қатысады.
Бұдан бөлек, Әзербайжан мен Грузияда оқу-жаттығу жиындарын өткізу жоспарда бар. Турнирлерден "Жібек жолы" және Хабаровскідегі жарыстарға қатысамыз. Наурыз айында Жапония және Оңтүстік Корея командаларымен бірлескен жаттығулар өткіземіз. Жоспарымыз тығыз, қарқынды. Толық күш-жігерімізді салып жұмыс істейміз.
Айта кетейік, "Странджа кубогы" турнирі әлемдегі ең беделді халықаралық бокс жарыстарының бірі болып табылады.