Нокауттар, жеңістер және Өзбекстанмен айқас: Боксшыларымыз Румыниядағы турнирдің финалы үшін қалай шайқасты?
Румынияның Браила қаласында өтіп жатқан Dracula Open-2025 халықаралық турнирінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Қазақстан атынан финалға шығу үшін 21 боксшы шаршы алаңға көтерілді.
probr.ro
Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы нәтижелері:
46 кг
- Арман Мырсабит (Қазақстан) — Александру Ботан (Румыния) Техникалық нокаут (1-раунд)
- Алмас Жүнісов (Қазақстан) — Бирхам Иусеим (Румыния) 5:0 жеңіс
48 кг
- Аслан Жеңіспаев (Қазақстан) — Павие Попович (Сербия) 5:0 жеңіс
50 кг
- Едіге Нұрғожа (Қазақстан) — Маркус Мартиник (Словакия) Қарсылас жекпе-жекке шықпады (жеңіс автоматты түрде берілді)
- Заманхан Амангелді (Қазақстан) — Сербан Стоица (Румыния-2) 2:3 жеңіліс
52 кг
- Әлімжан Ұлас (Қазақстан) — Святослав Первый (Украина) 5:0 жеңіс
54 кг
- Мадияр Әбдікәрімов (Қазақстан) — Ходар Буэно (Испания) 5:0 жеңіс
57 кг
- Дулат Әзиз (Қазақстан) — Кристиан Харасник (Словакия) 4:1 жеңіс
60 кг
- Саят Қаратаев (Қазақстан) — Ростислав Городинский (Украина) 1:4 жеңіліс
63 кг
- Дарын Тасмұханбетов (Қазақстан) — Сайдулла Садиллахуджаев (Өзбекстан) 0:5 жеңіліс
- Әмір Рамазан (Қазақстан) — Кикис Орел (Израиль) 5:0 жеңіс
66 кг
- Темірлан Ералыев (Қазақстан) — Андрей Тимосков (Молдова) 5:0 жеңіс
70 кг
- Талғат Абылай (Қазақстан) — Андрей Мургочи (Румыния) 2-раундта нокаутпен жеңіс
- Төрегали Сейдуллаев (Қазақстан) — Адриан Костин Костаче (Румыния-2) 5:0 жеңіс
75 кг
- Таннур Сейсенбай (Қазақстан) — Андрей Иофчу (Румыния) 0:5 жеңіліс
- Мансұр Амантай (Қазақстан) — Александру Буджор (Молдова) 4:1 жеңіс
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet