Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бивол мен Бетербиев трилогиясы Мәскеуде өтуі мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық бокс қауымдастығының басшысы тиісті келіссөздер басталып кеткенін мәлімдеді. 

Бивол мен Бетербиев трилогиясы Мәскеуде өтуі мүмкін
sportmk.ru

«Лужники» 100 мың жанкүйерді қабылдауға дайын

Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жек Мәскеудің «Лужники» стадионында өтуі мүмкін. Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) басшысы Умар Кремлев осындай ниет білдірді. Бұл туралы sportmk.ru хабарлады. 

«Біз үшінші жекпе-жекті ұйымдастыруымыз керек. Бивол мен Бетербиев – орта салмақтағы үздік боксшылар. Бағасы қанша болса да, Мәскеуде «Лужники» стадионында 100 мың көрермен алдында айқас өткіземіз. Тиісті келіссөздерді бастап кеттік», – деді Кремлев.

Дмитрий Бивол және Артур Бетербиев Фото: rbc.ru

Тарландар тартысы жалғасын таба ма?

Бұл ұсыныс екі боксшы арасындағы текетірестің қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдеді. Бивол мен Бетербиев арасындағы алғашқы екі жекпе-жек жанкүйерлер мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

Дмитрий Бивол және Артур Бетербиев Фото: rbc.ru

Айта кетейік, өткен сенбіде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен жекпе-жекте Дмитрий Бивол төрешілердің шешімімен Бетербиевтен басым түсіп, барлық негізгі белбеулерді (WBC, WBA, WBO, IBF) жеңіп алды.

Бивол жекпе-жек барысында тактикалық артықшылығын көрсетіп, Бетербиевтің соққыларынан сытылып кете білді. Қорытынды есеп: 114:114, 116:112 және 115:113.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір