100% өтеді! Қуат Хамитов ресейлік Магомед Исмаиловпен жұдырықтасады
Қазақстандық файтер бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.
Vesti.kz
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов ресейлік аралас жекпе-жек шебері Магомед Исмаиловпен октагонда кездесетін болды. Бұл ақпаратты Sportnews.kz хабарлады.
Alash Pride-тың басты айқасы
Қос жұлдыздың жекпе-жегі қазақстандық Alash Pride ұйымының аясында өтеді. Жекпе-жек Астана немесе Алматы қаласында ұйымдастырылады. Айқастың өтетінін Қуат Хамитовтың өзі растады.
"Магомед Исмаиловпен айқас? 100% өтеді. Біз келіссөздерді екі ай бұрын бастадық, тіпті афишамыз да дайын. Дайындаламыз. Марифпен кездесуіме мүмкіндік бермеді, енді келесі қарсылас — Мага", — деді Хамитов.
Исмаиловтың рекорды
38 жастағы Магомед Исмаилов 18 рет жеңіске жетіп, 3 жекпе-жекте жеңіліс тапқан. 1 айқасы тең нәтижемен аяқталған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet