ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Астанадағы бокс кеші нокдаунмен басталды (ВИДЕО)

Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде алғашқы жекпе-жек тартысты өтті. 

Астанадағы бокс кеші нокдаунмен басталды (ВИДЕО)
Instagram/all.star.boxing.kz

Кештің алғашқы кездесуінде рингке екі қазақстандық дебютант – Ілияс Оразхан мен Бек Андаусызов шықты.

Олар жартылай жеңіл салмақта (57 кг) алты раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізді.

Бірінші раундта Ілияс Оразхан нокдаунға түскенімен, жекпе-жектің қалған бөлігінде сенімді өнер көрсетіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Ілияс Оразхан кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады, ал Бек Андаусызов дебюттық кездесуінде алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Басты жекпе-жек – WBC Silver белбеуі үшін

Бүгінгі бокс кешінің басты айқасы – қазақстандық Али Ахмедов (23-1, 17 КО) пен поляк Мацей Сулецкий (32-3, 12 КО) арасындағы жекпе-жек болмақ.

Бұл кездесу суперорта салмақтағы WBC Silver чемпиондық белбеуі үшін өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.