Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Үш нокдаун және ауыр нокаут: Ахмедов Астанада титулынан айырылды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
01.03.2025, 10:24

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-2, 17 КО) Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде күтпеген жеңіліске ұшырады. 

Ахмедов пен поляк боксшысы Мацей Сулецки (33-3, 12 КО) WBC Silver чемпиондық белбеуі үшін айқасты. Кездесу он раундқа жоспарланған. Бірақ Сулецки 10-раундта Ахмедовты нокаутқа түсіріп, сенсациялық жеңіске жетті.

Бірінші және бесінші раундтарда Ахмедов үш рет нокдаунға түсті. 10-раундта Сулецки жекпе-жекті нокаутпен аяқтады.

Ахмедов неге жеңілді?

Бұл жекпе-жектің фавориті Әли Ахмедов саналған. Алайда Сулецкидің дәл соққылары мен қарқынды шабуылы қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық туғызды.

Бұл Мацей Сулецкидің кәсіпқой бокстағы 33-ші жеңісі болды. Сонымен қатар ол WBC Silver белбеуін иеленді.

Ал Ахмедов үшін екінші жеңіліс. Бірінші рет ол 2020 жылы эквадорлық Карлос Гонгорадан (22-3, 17 КО) нокаутпен ұтылған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 3
😂 2
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір