Төрехан Сабырхан - ел тарихындағы ең жас "Странджа" турнирінің чемпионы
19 жасқа енді ғана толып, ересектер арасындағы алғашқы халықаралық турниріне қатысқан Төрехан Сабырхан қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль жеңіп алды.
Instagram/@qaz_team_official
Ол тартысты жекпе-жекте Әзербайжан өкілі Заур Гахрамановтан 3:2 есебімен басым түсті.
Бұған дейін 2008 жылы Мерей Ақшалов та 19 жасында топ жарған. Бірақ ай жағынан Төрехан жас саналады.
Турнирдегі жекпе-жектері:
- 1/8 финал. Асахуджа Муйдунходжаев (Өзбекстан) (Париж Олимпиадасының чемпионы) - жекпе-жексіз өтті.
- 1/4 финал. Лаша Гагнидзе (Грузия) - 5:0
- 1/2 финал. Наби Исгандиров
- (Әзербайжан) - 3:2
Бұл салмақта 2024 жылы Дулат Бекбауов чемпион атанған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet