
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
2 наурыз күні Мәскеу ауруханасында аты аңызға айналған балуанның өмірден өткені белгілі болды.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, Сайтиев өкпе ауруымен ауырған және осыған байланысты күшті дәрі-дәрмектер қабылдаған. Алдын ала болжам бойынша, ағзадағы интоксикация салдарынан жүрегі тоқтап, қайтыс болған.
Марқұмның жерлеу рәсімі Дағыстанда өтеді.
Қазақстандық дзюдо шебері Елдос Сметов әлеуметтік желіде Бувайсар Сайтиевтің жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтасатынын білдірді.