Қазақстандық балуандар Албанияда 8 медаль жеңіп алды
Ұлттық құрама қоржынына 1 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль түсті.
olympic.kz
Албанияның Тиранада қаласында күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша ұлттық құрама қоржынына 8 медаль түсті.
Алтын медаль:
- Жәмилә Бақбергенова — 72 келіге дейін.
Күміс медаль:
- Болат Сақаев — 86 келіге дейін (еркін күрес).
Қола медаль:
-
Әйелдер күресі:
- Эльмира Сыздықова — 76 келіге дейін.
-
Грек-рим күресі:
- Ерасыл Мамырбеков — 55 келіге дейін.
- Ерсін Абыыр — 55 келіге дейін.
- Бағдат Сабаз — 67 келіге дейін.
-
Еркін күрес:
- Мұхамед Балғабай — 61 келіге дейін.
- Рүстем Мырзағалиев — 86 келіге дейін.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Болгарияда өткен «Странджа-2025» кубогында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке ілінбей қалған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet