Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Төрехан" публикаға" көп ойнап кетеді": Мерей Ақшалов жас боксшыға ескерту жасады

Редактор Penalty.kz
04.03.2025, 15:15

18 жастағы қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан Болгариядағы "Странджа" турнирінде жеңіске жетіп, жарыстың үздік спортшысы атанды.

sportarena.kz
sportarena.kz

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов Төреханға әлі де еңбектену керектігін айтады, деп жазады Sportbugin.kz.

"Төрехан ересектер арасындағы алғашқы халықаралық турниріне қатысып, жеңіске жетіп отыр. Бұл бізді қуантады, әрине. Алайда Төреханға шаршы алаңда өзін дұрыс ұстауды, салмақтырақ болуды үйрену керек. Көбіне жанкүйер көңілін көтеру үшін шоу көрсетіп кетеді. Жанкүйерлер тілімен айтсақ, "публикаға"көп ойнайды. Шоу көрсеткен де жақсы-ау, бірақ ересектер қатарына енді өткен кезде өте бай болған жөн.

Ересектер арасындағы бокс көп қателікті кешірмейді. Жастарға қарағанда, ересек боксшылардың соққысы ауыр. Қатты ұрады бәрі. Жастар командасында өз қатарластарыңды талантыңмен де жеңіп алуға болады. Бірақ ересектер арасында талмай еңбектену керек. 

Төреханның жартылай финалдағы және ақтық сындағы қарсыластары мықты болды. Енді бұл салмақтағы әлем мықтыларына қарсы шығу үшін оған ересектер боксына бейімделіп, еңбектене беру қажет", — дейді Ақшалов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір