ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Александр Усиктің спарринг-серіктесі ауыр нокаутқа түсті (ВИДЕО)

Украиналық кәсіпқой боксшы Владимир Кацук (5-2, 2 КО) Ұлыбританияның Брайтон қаласында өткен бокс кешінде рингке шықты. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Мэтти Харрис (7-1, 5 КО) болды. 

Александр Усиктің спарринг-серіктесі ауыр нокаутқа түсті (ВИДЕО)
xsport.ua

Суперауыр салмақтағы кездесу алты раундқа жоспарланған еді, алайда ол бірінші раундта-ақ аяқталды. Мэтти Харрис қарсыласын толық басымдықпен соққының астына алып, ауыр нокаутқа түсірді.

Нокаут сәтін төмендегі видеодан көре аласыз.

Бұл жеңіс Мэтти Харристің кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісі болса, Владимир Кацук үшін үшінші жеңіліс болды.

Айта кетейік, 37 жастағы Кацук – суперауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усиктің (23-0, 14 КО) спарринг-серіктесі болып табылады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.