ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Елдос Сметов Әбиба Әбужақынованың жетістігін атап өтті

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Линц (Австрия) қаласында өткен Гран-при турнирінде жеңіске жеткен Әбиба Әбужақынованы құттықтады. 

Елдос Сметов Әбиба Әбужақынованың жетістігін атап өтті
bassport.kz

Олимпиада чемпионы өз құттықтауын Instagram әлеуметтік желісіндегі стористе жариялады. Бейнежазбада Әбиба Әбужақынова қонақүй бөлмесінде Елдос Сметовпен сөйлесіп тұрған сәті көрсетілген. Спортшының мойнында жеңістің басты символы – алтын медаль бар.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Финалдық жекпе-жекте ол жапондық Сачиё Ёшиноны 10:1 есебімен жеңіп, Гран-при турнирінің чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.