ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

UFC файтері оразасын бұзуға мәжбүр

Жартылай ауыр салмақта UFC рейтингінде бірінші тұрған Магомед Анкалаев (20-1) Рамазан айында оразасын бұзуға тура келгенін айтты. 

UFC файтері оразасын бұзуға мәжбүр
mmafighting.com

Анкалаев мұндай қадамға жекпе-жекке дайындық үшін баруға мәжбүр. Ол 93 келі салмақта UFC чемпионы Алекс Перейрамен (12-2) айқасқа шығады. 

Жекпе-жек 9 наурызда Лас-Вегастағы UFC 313 турнирінде болады.

"Мен оразаны қатаң ұстанамын. Бірақ осы аптада емес. Маған аузымды ашуға тура келді. Себебі салмағымды тастау үшін міндетті түрде су ішу қажет. Оразаны басынан ұстадым. Ал жекпе-жектен кейін әрине діндегі ережені тиісінше ұстанамын", - дейді Анкалаев AgFight порталына берген сұхбатында. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.