Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Бір емес, екі бас жоғары". Қазақстан құрамасының бапкері Джалолов пен оның "ізбасарын" салыстырды

Сарапшы, спорт журналисі
08.03.2025, 13:24

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Баходир Джалолов пен оның "ізбасары" саналатын Джахонгир Зокировтың рингтегі ұқсастығы туралы пікірін білдірді.

NUR.KZ
NUR.KZ

Бұл туралы бапкер Sports.kz порталына берген сұхбатында айтты. 

"Мен оларды салыстырмаймын. Себебі Баходир Джалолов өзінің "ізбасарынан" бір емес, тіпті екі бас жоғары деп есептеймін. Бұл – менің жеке пікірім", — деді Қайрат Сәтжанов.

Джахонгир Зокиров. ФОТО: repost.uz

Айта кетейік, жақында Джахонгир Зокиров Болгарияда өткен "Странджа кубогы" турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Аса ауыр салмақта (+92 кг) өткен финалда Өзбекстан құрамасының өкілі қазақстандық Айбек Оралбаймен жұдырықтасты. Тартысты жекпе-жек Зокировтың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 3
😂 0
😡 4

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір