Таэквондодан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды

Сарапшы, спорт журналисі

Астанадағы жарыста 2011-2013 жылдары туған 814 спортшы 20 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Таэквондодан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды
24.kz

Біріншілікте топ жарған спортшылардан әлем чемпионатына қатысатын құрама команда жасақталады. 

Айта кетейік, елордадағы жарыс биыл бірінші рет салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр. Бұған дейін спортшылар бой ұзындығы бойынша сынға түскен.

“Жасөспірімдер арасындағы чемпионаттар қазір боймен емес, салмақ дәрежесімен өлшенетін болады. Оның басты себебі ол әрине Дүниежүзілік таэквондо федерациясының ережесінің ауысуы. Солардың бұйрығы бойынша биылғы Азия чемпионаты, әлем чемпионаты мен жасөспірімдер арасындағы чемпионаттардың барлығы салмақ дәрежесі бойынша өлшенетін болады”, - деді Қазақстан таэквондо федерациясының вице-президенті Айзат Қарашашев.

Жалпы, жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсеке биыл Фуджейра қаласында өтеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір