ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Жәнібек Әлімханұлының жаттығу лагеріне әйгілі америкалық бапкер қосылды (ВИДЕО)

5 сәуірде Астанада «Қазақ стилі» франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) қолғап түйістіреді.

Жәнібек Әлімханұлының жаттығу лагеріне әйгілі америкалық бапкер қосылды (ВИДЕО)
1bol.kz

WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанибек Алимханулы (16-0, 11 КО) алдағы титулдық жекпе-жегіне қызу дайындық үстінде.

5 сәуірде Астанада «Қазақ стилі» франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) қолғап түйістіреді. Бұл кездесу Қазақстан тарихында тұңғыш рет екі чемпиондық белбеу сарапқа салынатын жекпе-жек болмақ.

Ломаченконың бұрынғы бапкері

Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында спарринг-жаттығу сәттерін бөлісіп, АҚШ-тан келген атақты бапкер Марко Контрерастың командаға қосылғанын хабарлады.

«5 сәуірге дайындық қызу жүріп жатыр! Америкадан Марко бапкер келіп, Qazaq style-ды шыңдап жатырмыз!», - деп жазды Әлімханұлы.

Контрерас әлемге танымал Василий Ломаченко, Александр Гвоздик, Эгидиюс Каваляускас секілді мықты боксшылармен жұмыс істеген тәжірибелі маман.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.