Назым Қызайбай – үш дүркін әлем чемпионы! (ВИДЕО)
Финалда Назым Ресейлік Юлия Чумгалакованы ойсырата жеңді.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.
Финалдағы жеңіс
Финалда Назым Ресейлік Юлия Чумгалакованы айқын басымдықпен жеңіп, 5:0 есебімен чемпион атанды.
Осылайша, қазақ боксшы қыздары арасынан шыққан үш дүркін әлем чемпионы болып тарихқа енді.
Назым Қызайбайдың жетістіктері
- Әлем чемпионы: 2014, 2016, 2024
- Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2012
- Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері
Айта кетейік, бүгін Назымнан бөлек тағы 4 бұрымдымыз байрақты бәсекеде бақ сынайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.