Алуа Балқыбекова – әлем чемпионы! Қазақстандық боксшы қыз алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Финалдағы тартысты жекпе-жек
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық кездесуде Балқыбекова Қытайлық Ху Мэйимен қолғап түйістірді. Қазақстандық спортшы таза жеңіске жетіп, төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) әлем чемпионы атанды.
Үшінші рет әлемдік жеңіс тұғырында
Бұл жеңіс Алуаның әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесі. Ол 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола медаль еншілеген болатын. Сонымен қатарБалқыбекова Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы (2021, 2022).
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.