Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Еуропада UFC файтері атындағы көше пайда болды

Редактор Penalty.kz
26.03.2025, 14:24

Испанияның әйгілі Толедо қаласында UFC чемпионы Илия Топурияның құрметіне көше атауы берілді.

mmafighting.com
mmafighting.com

Испанияның Толедо қалалық кеңесі UFC-дің қазіргі чемпионы, грузин текті Илия Топурияға ерекше құрмет көрсетті. Қала көшелерінің бірі енді оның атымен аталады. Бұл шешім Топурияның спорттағы табандылығы мен әлемдік аренадағы жеңістері үшін берілген символдық алғыс іспетті.

Салтанатты шара кезінде чемпион ерекше эмоцияларын бөлісті:

“Мұндай тарихи қалада менің атымдағы көше пайда болғаны үлкен мәртебе. Бұл күн менің ғана емес, бүкіл отбасым үшін де өте маңызды. Осындай сәттер күнде бола бермейді. Осы жолда көп тер төктім, және бүгінгі нәтижеге мақтанышпен қараймын”, — деді Топурия.

2024 жылы Илия Топурия Грузияның бұрынғы президенті Саломе Зурабишвилидің қолынан Құрмет орденін алды. Бұдан бөлек ол Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесіп, Рустави қаласындағы жаңа спорт кешенінің ашылуына қатысты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір