Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан бір салмақта жұдырықтасады

Редактор Penalty.kz
27.03.2025, 21:25

Бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 54 келі салмақ дәрежесіне ауысты. Бұл туралы боксшының өзі растады. 

Vesti.kz
Vesti.kz

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы таратқан ақпаратта да Бибосынов 54 келіде жұдырықтасатыны көрсетілген, деп жазады Sportbugin.kz. 

"Қазір ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиынындамын. Ресейдің Кисловодск қаласындамыз. 54 келіге ауыстым", — деді Бибосынов.

Ал бас бапкер Қайрат Сәтжанов боксшылардың салмақ ауыстыруын World Boxing ережелерімен байланыстырып отыр.

"Сәкен Бибосынов 2024 жылы өткен Азия чемпионаты барысында жарақат алып қалған еді. Содан бері ота жасатып, ем-дом шараларын қабылдады. Өздеріңіз білетіндей, World Boxing ұйымында салмақ дәрежелері басқаша. Сәкен бұған дейін 51 келіде өнер көрсетсе, енді жаңа ұйымда 50 келіде жұдырықтасу қиынға соғады. Сондықтан оған 55 келіге ауысқан тиімдірек. Бұл салмақта Махмұд Сабырхан бірінші нөмірлі болып қала береді", — деді бас бапкер Спортты дамыту дирекциясына берген сұхбатында.

Осылайша Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан енді бір салмақта жұдырықтасады.

Махмұд Сабырхан. ФОТО: offside.kz

Екі боксшы соңғы рет 2020 жылы Қазақстан чемпионатының финалында өнер көрсетіп, Сабырхан жеңіске жеткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір