Батыр Жүкембаев Астанадағы жекпе-жек алдында жақсы жаңалық естіді
Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 KO) Астанада өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында жағымды жаңалық алды – Asianboxing.info сайты оны британдық Қейн Гарднерге (17-4, 7 KO) қарсы жекпе-жектің айқын фавориті деп атады.
Asian Boxing порталының жазуынша, бұл жеңіс Жүкембаевты әлем чемпионы атағы үшін күреске бір қадам жақындатады:
“2021 жылы Батырды Субриэль Матиас жеңген болатын. Содан бері ол қатарынан бес жеңіске қол жеткізді. Егер бұл жеңісті сериясын жалғастырса, титулдық жекпе-жекке жол ашылады. Бұл жолы одан жеңісті оңай алуы күтілуде”, — делінген жарияланған материалда.
Астана төрінде 5 сәуір күні өтетін бокс кешінде Батыр Жүкембаев — Кейн Гарднер жекпе-жегі негізгі оқиғалардың бірі болады. Сонымен қатар кештің басты кездесуі ретінде орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анауэль Нгамиссенге арасындағы титулдық айқас өтеді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.