Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлы нокауттан кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады

Сарапшы, спорт журналисі

Орта салмақта әлем чемпионы, жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін отандастарына арнайы үндеу жолдады. Бұл жолы ол франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссенгені айқын нокаутпен жеңіп, әлемдік рейтингтегі орнын бір сатыға көтерді.

Жәнібек Әлімханұлы нокауттан кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады
Instagram/@janibek_alimkhanuly

Жекпе-жек өткен соң, Жәнібек өзінің Instagram парақшасында қысқа, бірақ мағыналы жазба қалдырды:

"Жеңіспен құттықтаймын, Қазақстан!" — деп жазды ол және жекпе-жек кезіндегі суретін жариялады.

Бұл жазба бірден жанкүйерлердің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

5-раундта  болған әсерлі нокаут Жәнібек Әлімханұлының мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Бұл жеңіспен ол WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын сәтті қорғады.

Одан бөлек, BoxRec рейтингінде ол орта салмақтағы үшінші орнынан бірінші орынға көтерілді. Бұл — қазақстандық боксшының кәсіби мансабындағы аса маңызды жетістіктерінің бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 51
👎 1
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір