Қазақстандық боксшы Конор Макгрегор лигасында жарқын нокаутпен дебют жасады (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Ділшат Нұрым америкалық Bare Knuckle FC лигасында өз дебютін әсерлі нокаутпен бастады.
ulyssport.kz
Ділшат алғашқы кездесуінде жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін ресейлік Шамиль Джахбаровпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек көпке созылған жоқ. Нұрым қарсыласын бірінші раундта-ақ есінен тандырып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Ділшат Нұрым – тек жалаң қолмен жұдырықтасудың емес, кәсіпқой бокстың да өкілі. Оның қазіргі рекорды:
- 9 жеңіс
- 1 жеңіліс
- оның ішінде 6 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған
Айта кету керек, Bare Knuckle FC – қазір әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан жалаң қолмен жұдырықтасу лигасы. 2024 жылдың мамыр айынан бастап бұл ұйымның серіктес иесі – UFC-дің экс-чемпионы Конор Макгрегор. Оның есімі лиганың танымалдылығын арттырып, жаһандық аудиторияны қызықтырып келеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet