Барлық жаңалықтар
Елдос Сметов татамиге қашан оралады?
Қазақстан дзюдо құрамасының кеңесші-бапкері Роберт Мшвидобадзе Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің татамиге шығу мерзімін жариялап, ұлттық команданың 2026 жылға қойған негізгі мақсаттарын атап өтті.
Дастан Сәтпаев Еуропа футболының болашағы деп аталды
Италиялық танымал журналист Джанлука Ди Марцио «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаевты Еуропа футболының болашағының бет-бейнесі деп атады.
Зарина Диас Australian Open турниріне қатысады
Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті.
Қазақстандық регбистер әлемге Қара жорға биін көрсетті (ВИДЕО)
Жуырда Қазақстанның регби-7 құрамасы Оманда өткен жарыста топ жарған болатын.
Елдің үздік дзюдошыларының бірі бірінші белдесуінде жеңілді
Grand Slam жарысында отандасымыз израильдік спортшыдан айласын асыра алмады.
Төрт адам зардап шекті: Алматы-Өскемен тасжолында екі көлік соқтығысты (видео)
Жетісу облысында тасжолда екі көліктің қатысуымен жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам зардап шекті.
Таеквондодан ӘЧ: Қазақстан құрамасы белгілі болды
Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы анықталды.
Қазақстандық теннисші Пәкістандағы жарыстың финалына шықты
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев чех Доминик Паланмен жұптасып, Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында финалға шықты.
Катар Гран-приі: спринттық іріктеу кезеңі сенсациямен аяқталды
«Макларен» шабандозы Катар Гран-приінің спринт-іріктеуінде жеңіске жетті.
Қазақ боксшылары Баходир Джалоловтың анасына құрмет көрсетті
Айбек пен Нұрбек Оралбай Ташкенттегі оқу-жаттығу жиыны кезінде әйгілі өзбек алып боксшы Баходир Джалоловтың үйіне арнайы барып, анасымен кездесіп қайтты.
«Челсидің» аңыз қақпашысы тағы да мұзға оралды
Футбол әлемінде аңызға айналған қақпашы Петр Чех қайтадан хоккейші ретінде жанкүйерлерінің алдына шықпақ. 43 жастағы бұрынғы голкипер Лондонның «Харингей» хоккей клубымен ресми келісімшартқа қол қойды.
«Бір туған»: қазақстандық, қырғыз және өзбек боксшылары тілдегі айырмашылықты әзілмен көрсетті
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан боксшылары ортақ видео түсіріп, үш елдің тіліндегі ұқсастық пен айырмашылықты күлкілі форматта көрсетті. Ролик жарияланған сәттен бастап жанкүйерлер арасында кең таралып, пікірлер астында «Бір туған» деген жазулар жаңбырша жауды.
Юрген Клоппқа қатысты Англияда күтпеген ақпарат шықты
Ағылшындық басылымдар «Ливерпульдің» бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп командаға қайта оралуы мүмкін екені туралы жазуда. Клуб қожайындары неміс маманын қазіргі жаттықтырушы Арне Слот қызметінен кеткен жағдайда маусым соңына дейін команда тізгінін қайта ұстауға шақыруы ықтимал.
Қазақ боксшысы өзбекстандық Олимпиада чемпионына төтеп бере алмады
Өзбекстан бокс федерациясы Челябіде (Ресей) өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Айдос Тастаев пен өзбек Олимпиада чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев арасындағы жекпе-жек қорытындысына қатысты ресми жазба жариялады.
«Qazaq style» іске қосылды: Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін айқас қарсаңында жаттығуын көрсетті
Қазақстандық орта салмақ жұлдызы Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) алдағы тарихи айқас алдында жанкүйерлерге өзінің жаттығу процесінен жарқын үзінді жариялады.
Қайрат Сәтжанов Баходир Джалоловтың үйінде қонақ болды
Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Ташкентте өткен оқу-жаттығу жиыны барысында Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалоловтың үйінде қонақ болып, 2026 жылдың наурыз айында Өзбекстан құрамасы Қазақстанға келетінін мәлімдеді.
«11 жылдан кейінгі реванш»: Қазақстан – Өзбекстан дуэлі достықпен аяқталды
Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының 11 жыл бұрын басталған текетіресі тағы да жалғасты. Ташкенттегі оқу-жаттығу жиынында рингке Абылайхан Жүсіпов пен жергілікті жұлдыз Икболжон Холдаров шығып, көптен күткен «реванш» спаррингі өтті.
Қазақстандық 18 жастағы теннисші қатарынан екінші жартылай финалға шықты
Әмір Омарханов (ATP рейтингінде – №1110) Тунисте өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирінде тағы да жартылай финалға жолдама алды. Монастир қаласының корттарында өнер көрсетіп жүрген жас қазақстандық бұл жетістігімен қатарынан екінші аптада 1/2 финалға шығып отыр.
Станимир Стоилов ҚПЛ-ге оралуы мүмкін бе? Болгариялық маманға қызығушылық бар
Қазақстан Премьер-лигасының ең атақты клубтарының бірі – «Ақтөбе» бас бапкер қызметіне болгариялық маман Станимир Стоиловтың кандидатурасын қарастырып жатқаны туралы ақпарат тарады.
Тәжірибе жинауға емес, белбеуге келді: Өзбек жұлдызының дебюті жанкүйерлерді дүрліктірді
Өзбекстан бокс мектебінің кезекті жұлдызы саналатын Джавохир Умматалиев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады. 20 жастағы боксшы Челябіде (Ресей) өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген әзербайжандық Рахим Алиевті ұтып, профи мансабына мықты қадам жасады.