Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық регбистер әлемге Қара жорға биін көрсетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда Қазақстанның регби-7 құрамасы Оманда өткен жарыста топ жарған болатын. 

Қазақстандық регбистер әлемге Қара жорға биін көрсетті (ВИДЕО)
sortiraparis.com

Оман елінде өткен Asia Rugby Sevens Series турнирінде жеңіске жеткен Қазақстанның регби-7 құрамасы тек спорттағы жетістігімен ғана емес, қазақ биін орындап, желі жұлдызына айналды.

Қазан айында өткен турнирде Қазақстан құрамасы Азияның басты лигасына қайта оралды. Финалдық матчтан кейін ойыншылар қазақтың ұлттық биін билеп, өз қуанышын ерекше түрде атап өтті. Бұл сәт әлеуметтік желілерде тез таралып, шетелдік жанкүйерлердің ыстық ықыласына ие болды.

Видео TikTok пен Instagram желілерінде мыңдаған қаралым жинап, көптеген қолданушылар спортшылар жылы лебізін білдірді. 

Тағы бір айта кетерлік жайт, аталған турнир кезінде Қазақстан құрамасының капитаны Мұхамед Расул ерекше танымалдылыққа ие болды. Оның спорттық стилі мен сырт келбеті жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсіп, «Аквамен» (DC кейіпкері Джейсон Момоа) деп аталып кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір