Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" клубы ресми түрде "Зенитпен" Венделдің трансфері жөнінде келіссөздерге кірісті.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың шілдесінде БАҚ "Әл-Иттихад" Вендел үшін 30 миллионнан астам еуро ұсынғанын хабарлаған. Алайда футболшы сол кезде Саудияға барудан бас тартып, Бразилияға оралғысы келетінін жеткізген.
"Зениттің" басқарма төрағасы Александр Медведев ол кезде ресми ұсыныс түспегенін, бірақ саудиялық клубтың ойыншыға қызығушылығын жоққа шығармайтынын мәлімдеген.
27 жастағы жартылай қорғаушы жаңа маусымда әзірге сенімді өнер көрсете қойған жоқ. Ол РПЛ-2025/26 маусымында үш кездесу өткізіп, статистикада нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.