“Ақтөбе” Дінмұхамед Қараманға қызығушылық танытып отыр
15.10.2025, 09:45
“Жеңіс” ойыншысы жаңа маусым алдында ақ-қызылдар жейдесін киеді деген ақпарат бар.
Дінмұхаммед Қараман. Сурет: ашық дереккөздерден
25 жастағы ойыншы “Жеңіс” командасында осы маусымның басынан бері өнер көрсетіп келеді. Жалпы Қараман елорда ұжымы сапында барлығы 27 матч өткізіп, 3 гол мен 2 голдық пас берді.
“Жеңістен” бөлек, Дінмұхамед талдықорғандық “Жетісу”, палодарлық “Ақсу” және “Тараз” ұжымдарында өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасына осы жылы шақырту алып, Бельгиямен матчта дебют жасаған Қараман, кешегі Солтүстік Македониямен болған кездесуде гол соғып, ұлттық командамыздағы ең алғашқы нәтижесін тіркеген еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама