Қазақстандық велошабандоз Азия сериясында күміс жүлде жеңіп алды
Алтын медаль Қытай құрамасының спортшысы Тин Ванға бұйырды.
Қазақстан құрамасының өкілі Татьяна Генелева Қытайдың Гуйян қаласында өткен маунтинбайктан Азия сериясының кезеңінде күміс медаль иеленді.
Olympic.kz мәліметі бойынша қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы XCC дисциплинасында өнер көрсетті.
Генелева мәреге екінші болып жетті
Татьяна Генелева жарыс жолын 25 минут 06 секундта жүріп өтіп, қорытынды есепте екінші орын алды.
Алтын медаль Қытай құрамасының спортшысы Тин Ванға бұйырды. Ол қашықтықты 24 минут 14 секундта аяқтап, қарсыластарынан озып кетті.
Үздік үштікті тағы бір қытайлық велошабандоз Цзыи Чжан түйіндеді. Оның көрсеткіші – 25 минут 56 секунд.
Жарнама
Жарнама