Азия чемпионаты
Ризабек Айтмұхан "алтын" үшін күреседі (ВИДЕО)
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
"Титан режимі" іске қосылды: Ризабек Айтмұхан қарсыласын күйретті
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының ширек финалында қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Сенсация! Рахат Қалжан Олимпиада жүлдегерін жықты (ВИДЕО)
Иордания астанасында еркін күрестен Азия чемпионаты өтіп жатыр.
59 секундтағы жеңіс! Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы белдесуін бар-жоғы 59 секундта аяқтады.
Азия чемпионатында Айтмұхан мен Тажудинов арасындағы суперкездесу болмайды
Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудинов жарақатына байланысты Азия чемпионатынан бас тартты.
Жәмилә Бақбергенова: "Бізге "алтын" керек болды – мен оны алдым" (ВИДЕО)
Жәмилә Бақбергенова Аммандағы (Иордания) жеңісінен кейінгі әсерін бөлісті.
Жәмилә Бақбергенова — Азияның жаңа ханшайымы! (ВИДЕО)
Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова кезекті ірі жеңіске қол жеткізді. 72 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан балуанымыз алтын медаль үшін 18 жастағы Қытай үміті Юки Лиумен белдесті.
17 жастағы қазақ қызы Азияны дүр сілкіндірді (ВИДЕО)
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.
Соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды! Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) финалға жолдама алып, Қазақстанға әйелдер күресінен алғашқы жүлдені әперді.
Азия чемпионаты: Бүгін әйелдер күресінен бес қазақстандық балуан бозкілемге шығады
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында 28 наурызда әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бес спортшысы жарысқа қатысады.
Бес балуан, нөл медаль: Қазақстан қыздары Азия чемпионатында неге сүрінді? (ВИДЕО)
Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының бес балуаны бозкілемге шықты. Өкінішке қарай ешқайсысы жүлделі орынға жете алмады.
Азия чемпионаты: Қазақстан грек-рим күрес шеберлері нешінші орын алды?
Иордания астанасы Амман қаласында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтижемен қуанта алмады. Жерлестеріміз небәрі төрт медальмен шектеліп, командалық есепте тек төртінші орынға табан тіреді.
Иран Қазақстанның "алтынға" деген үмітін үзді
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен сынға түскен қазақстандық балуан Омар Сатаев алтын медаль үшін белдесуде қарсыласына жол берді.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы да сәтсіздікке ұшырады
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 2025 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы грек-рим күресінен тағы да ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл — бір күн ішінде тіркелген қатарынан төртінші сәтсіз нәтиже.
Әлімхан Сыздықовқа "алтын" бұйырмады
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан грек-рим күресі құрамасының балуаны Әлімхан Сыздықов күміс жүлдегер атанды.
Шамиль Ожаев Қазақстанға екінші медаль алып келді
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шамиль Ожаев Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алып, ел қоржынына екінші медаль салды.
Азия чемпионатындағы алғашқы жүлде – Ибрагим Магомадов қола медаль иеленді (ВИДЕО)
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Әлімхан Сыздықов 3-рет Азия чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)
Амманда (Иордания) грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Азия чемпионаты: Үш қазақ балуаны грек-рим күресінен финал жолдамасына таласады (ВИДЕО)
Амманда (Иордания) өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының үш балуаны жартылай финалға жолдама алды.