UFC Қазақстанның орнына Әзербайжанды таңдады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:21

Бакудегі алғашқы Fight Night турнирі 27 маусымға жоспарланған.

Baku.ws

Әлемдегі ең ірі аралас жекпе-жек ұйымы UFC Әзербайжан астанасы Бакуде турнирлер өткізу туралы ұзақмерзімді келісімге келді. 

Үш жылдық келісім

UFC ұйымы Әзербайжанның жастар және спорт министрлігімен 2028 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Құжат аясында Бакуде жыл сайын UFC Fight Night турнирлерін өткізу жоспарланған.

Алғашқы турнир 27 маусым күні өтеді. Жекпе-жектер Бакудегі Ұлттық гимнастика аренасында ұйымдастырылады.

Келіссөздер қайда өтті?

Маңызды келісім АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жасалды. Онда UFC президенті Дэйна Уайт пен Әзербайжанның жастар және спорт министрі Фарид Гаибов арнайы кездесу өткізіп, келісім шарттарын бекітті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін UFC Қазақстанда турнир өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы айтылған еді. 

Реклама
Реклама